Ертаев Ержан Ерболұлы
Ертаев Ержан Ерболұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

Жалғыз акционердің өкілі

Қазақстан Республикасының Азаматы

1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • 2008 жыл - Инновациялық Еуразия университеті, инженер мамандығы
  • 2012 жыл - Инновациялық Еуразия Университеті, құқықтану бакалавры
  • 2024 жыл - Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), іскери әкімшілік магистрі (MBA)

 

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2009 жылы жеке құрылымда электромеханик болып бастаған;
  • Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бас маманы (2009-2013 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысы (2013-2014 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау Комитеті басқармасының басшысы (2014-2015 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы (2015–2017 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы (2017–2018 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Төрағасының орынбасары (2018–2020 жж.);
  • Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (2020–2021 жж.);
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы аппаратының басшысы  (2021–2022 жж.);
  • «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС Бас директоры (2022–2023 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Төрағасының орынбасары (2023–2024 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы (2024-2026 жж.);
  • 2026 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚР Энергетика  вице-министрі болып тағайындалды;
  • «KOREM» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Жалғыз акционердің өкілі (Жалғыз акционердің 23.10.2026 жылғы шешімімен сайланды,  № 389-н/қ бұйрық).

 

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

  • «Құрметті энергетик» төсбелгісі
  • «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы

«Еңбек даңқы III степени» Нагрудный знак «Еңбек даңқы III степени»