Әкімшілік департаментінің директоры
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілік талаптары:
Директорға қойылатын мынадай біліктілік талаптары белгіленген:
- білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) мамандықтар бойынша: құқықтану, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, халықаралық құқық;
- тиісті салаларда жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Департамент пен Қоғамның қызмет ерекшелігіне сәйкес ішкі нормативтік құжаттарын білуі тиіс.
Директордың лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:
- Қоғам Басқармасы Төрағасының жалпы басшылығымен өз міндеттерін орындайды;
- Әкімшілік департаментінің жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, Қоғамның өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді;
- Департамент қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді және бақылайды;
- Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындайды;
- Департаменттің жұмыс жоспарын әзірлеуді жүзеге асырады, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамды дамыту жоспары мен стратегиясын әзірлеуге қатысады;
- ең жаңа техника мен технологияны, басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың озық нысандарын, өндірістік резервтерді ұтымды пайдалануды және барлық түрдегі ресурстарды үнемдеп жұмсауды кеңінен пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен басқару аппаратының жұмысына әкімшілік қолдау көрсетеді;
- кеңсе шығыстарының бюджетін жоспарлауға, Қоғамның тауарлық-материалдық құндылықтарға (бұдан әрі – ТМҚ) қажеттілігін қалыптастыруға қатысады, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін дайындайды;
- шаруашылық шарттарын жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және олардың уақтылы орындалуын бақылайды;
- марапаттау жөніндегі комиссиялардың, еңбек дауларын шешу, қызметтік тексеру, төлемдер, негізгі құралдарды қабылдау-беру, шығу (есептен шығару) жөніндегі комиссиялардың құрамына қатысады;
- Әкімшілік департаментінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның нормативтік құқықтық актілері мен ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлейді және әзірлеуге қатысады;
- Қоғамда кадр жұмысын, іс жүргізу жұмысын, құжаттама аудармасын, азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауды, ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастырады;
- жылжымайтын мүлік нарығын талдайды, кеңсе үй-жайларын іріктеуді жүзеге асырады;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша, сондай-ақ қызметкерлерді үй-жаймен және қажетті мүкәммалмен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
- кеңсе үй-жайы мен инженерлік коммуникацияларға қызмет көрсету және пайдалану мәселелері бойынша жалға берушімен өзара іс-қимыл жасайды;
- ТМҚ-ны қажетті есепке алуды ұйымдастыруға, Департаменттің құзыретіне жатқызылған есептерді дайындауға қатысады;
- Қоғам басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінің ақпараттық сервисі арқылы Қоғамның мүлкін іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды;
- Қоғам қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаны туралы мәлімет;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) түйіндеме (резюме).
Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.
Құжаттарды 2025 жылғы 21 қазанға (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz
Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz
Бос лауазымға орналасу конкурсы «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олар «КОРЭМ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген, олармен осы жерден танысуға болады.