Қаржы және сатып алу департаментінің экономист-менеджері

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:

Біліктілік талаптары:

Менеджерге қойылатын мынадай біліктілік талаптары белгіленген:

  • білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) экономика мамандығы бойынша;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және Департамент пен Қоғамның қызмет ерекшелігіне сәйкес ішкі нормативтік құжаттары туралы білімінің болуы.

Менеджердің лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:

  • Департамент директорының, жетекшілік ететін басқарушы директордың және Қоғам Басқармасы Төрағасының жалпы басшылығымен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда өз міндеттерін орындау;
  • Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындау;
  • Қоғамның Даму жоспары мен бюджетін жасауға қатысу, Қоғамның қаржы-экономикалық жай-күйіне мониторинг жүргізу;
  • Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін талдау, ай, тоқсан, жыл қорытындылары бойынша нәтижелері туралы есептер дайындау;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметі мәселелері бойынша барлық түрдегі есептілікті ұсыну;
  • мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есепке алу бойынша жұмыс (негізгі құралдарды, ТМҚ-ны, өндіріс шығындарын, өнімді өткізуді, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, жеткізушілер мен тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысулар және т.б.);
  • бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіппен ресімдеу;
  • бастапқы құжаттамамен жұмыс істеу (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің актілері, жүкқұжаттар, жеткізушілердің шот-фактуралары және т.б.);
  • бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау және бақылау, оны есептік ақпаратқа дайындау;
  • негізгі құралдарды, ақша қаражатын және ТМҚ-ны түгендеуге қатысу;
  • статистика органдарына есептерді жасау және ұсыну;
  • Қоғамның балансын жасау және қалыптастыру үшін деректерді дайындау;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кәсіпорындар мен ұйымдармен хат алмасу;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның нормативтік құқықтық актілері мен ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
  • Департаменттің жылдық жұмыс жоспарымен бекітілген іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуы;
  • Департаменттің құзыреті шегінде Қоғамның Корпоративтік хатшысына ақпарат беру;
  • Департаменттің құзыреті шегіндегі өзге де функциялар.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаны туралы мәлімет;

6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

7) түйіндеме (резюме).

Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.

Құжаттарды 2026 жылғы 23 ақпанға (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz

Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz

Бос лауазымға орналасу конкурсы «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олар «КОРЭМ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген, олармен осы жерден танысуға болады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы