Қаржы және сатып алу департаментінің директоры
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілік талаптары:
Директорға қойылатын мынадай біліктілік талаптары белгіленген:
- білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық білім;
- тиісті салаларда жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Департамент пен Қоғамның қызмет ерекшелігіне сәйкес ішкі нормативтік құжаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы салық заңнамасының негіздерін, ХҚЕС, талдау мен болжамдаудың статистикалық әдістерін, бизнес-жоспарларды әзірлеуді және оларды бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау мен есепке алу әдістемелерін, шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтауды, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін, жедел және статистикалық есепке алуды ұйымдастыруды, есептілікті жасау тәртібін, Қоғамның бейінін, мамандануы мен құрылымының ерекшеліктерін білуі тиіс.
Директордың лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:
- жетекшілік ететін басқарушы директордың, Қоғам Басқармасы Төрағасының жалпы басшылығымен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен өзара іс-қимылда өз міндеттерін орындау;
- Департамент қызметкерлерінің қызметін үйлестіру және бақылау;
- Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындау;
- Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қоғамның бюджетін, сатып алу жоспарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және оны іс жүзінде іске асыру;
- бюджеттік бақылауды жүзеге асыру;
- қажетті ресурстарды алу мүмкіндіктеріне сәйкес ұтымды шаруашылық қызметті экономикалық жоспарлау;
- Қоғамның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігін ұйымдастыру және оған мониторинг жүргізу;
- Қоғамның мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және оған мониторинг жүргізу;
- Қоғамның жұмысының ең жоғары тиімділігіне қол жеткізу мақсатында өндіріс резервтерін анықтау және пайдалану, оның ішінде Қоғамның даму жоспарларын, бизнес-жоспарларын, бюджеттік жоспарларын әзірлеу, оларға есептер мен негіздемелер дайындау;
- Қоғамды дамытудың стратегиялық бағыттарын, Қоғамның даму жоспарларын, бюджеттік жоспарларын жасау, оларға есептер мен негіздемелер дайындау;
- Қоғамның Даму жоспарын, Даму жоспарының жыл сайынғы нақтылауын және жарты жылдық түзетулерін әзірлеу, олардың орындалуы туралы есептер дайындау;
- Қоғамның қызметтеріне тарифтік саясатты әзірлеу;
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
- Қоғамның бюджеті мен инвестициялар жоспарын қалыптастыру шеңберінде, жетекшілік ететін мәселелер шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыруды бақылау;
- Департаменттің қызметі мәселелері бойынша салық және мемлекеттік органдарға есептерді қалыптастыру мен ұсыну мерзімдерін бақылау;
- Департамент қызметкерлерінің қызметін үйлестіру және бақылау;
- Департаменттің жылдық жұмыс жоспарымен бекітілген іс-шаралардың, сондай-ақ Департамент басшысының тапсырмаларының (нұсқауларының) уақтылы және сапалы орындалуы;
- Департаменттің құзыреті шегінде Қоғамның Корпоративтік хатшысына ақпарат беру;
- жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және Қоғамның ішкі бизнес-процестерін үнемі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаны туралы мәлімет;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) түйіндеме (резюме).
Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.
Құжаттарды 2026 жылғы 16 ақпанға (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz
Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz
Бос лауазымға орналасу конкурсы «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олар «КОРЭМ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген, олармен осы жерден танысуға болады.