Сәлемдесулер
Құрметті әріптестер, серіктестер және сайт қонақтары!
«Қазақстандық электр энергиясы мен қуаты нарығының операторы» акционерлік қоғамының («KOREM» АҚ) ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер.
Біздің компания Қазақстанның электр энергетикасы саласындағы бәсекелі әрі ашық нарықты дамытудағы негізгі буын болып табылады. Біз электр энергиясы мен қуатының сауда-саттығын тиімді ұйымдастыруды, жаңартылатын энергия көздерін қолдауды, сондай-ақ процестердің сенімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді қамтамасыз етеміз.
Қызметімізде біз жауапкершілік, тұрақты даму және инновация қағидаттарын ұстанамыз. Нарыққа қатысушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, аукциондық рәсімдерді жетілдіруге және серіктестер мен инвесторлар тарапынан сенімді нығайтуға ерекше назар аударамыз.