Тарих (мәтін)
«Қазақстандық электр энергиясы мен қуаты нарығының операторы» акционерлік қоғамы («KOREM» АҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 606 «Электр энергиясы мен қуатының көтерме нарығының тиімділігін арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оны дамыту және тиімділігін арттыру мақсатында құрылды.
Кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 «Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 54 бұйрығына сәйкес «KOREM» АҚ электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы болып айқындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1020 қаулысына сәйкес «KOREM» АҚ акциялары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берілді.
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 5-бабының 53) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 226 бұйрығымен «KOREM» АҚ орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы болып белгіленді.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес «KOREM» АҚ сол кезеңде көрсетілетін қызметтерге қатысты қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тізбесіне енгізілді.
Қазақстан Республикасының «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңының 6-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 280 бұйрығымен «KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып айқындалып, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу функциялары жүктелді.
2021 жылы «KOREM» АҚ акцияларының 100 пайыздық пакеті мемлекеттік меншікке берілді. Акцияларды иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне тиесілі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 211 бұйрығына сәйкес «KOREM» АҚ Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 1-бабы 22-5) тармақшасы шеңберінде теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді орталықтандырылған сатып алу-сатуды жүзеге асыратын теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы болып айқындалды.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қоғамның қызметі бірыңғай сатып алушы тетігіне және нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін теңгерімдеуші нарыққа негізделген электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшу жағдайында жүзеге асырылуда.