Қазақстан Орталық Азияда әділ энергетикалық ауысуды ілгерілетуде

Қазақстан Орталық Азияда әділ энергетикалық ауысуды ілгерілетуде

РЭС-2026-ның екінші күнінде мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен бизнестің өкілдері қатысқан «Әділ энергетикалық ауысу: Орталық Азиядағы саясат, инвестициялар және адами капитал» атты панельдік сессия өтті.

Құттықтау сөзбен Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Орталық Азия елеулі ресурстарға және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту үшін жоғары әлеуетке ие бола отырып, дамудың маңызды кезеңінде тұрғанын атап өтті.

Министр Қазақстан үшін энергетикалық ауысу орнықты өсу мен энергетикалық қауіпсіздікті нығайту стратегиясы болып табылатынын атап өтті. Елдің ұзақ мерзімді мақсаты 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу болып қала береді.

Сессия барысында Қазақстанның энергетикалық саясаты үш негізгі басымдықтың теңгерімін – энергиямен жабдықтаудың сенімділігін, халық пен бизнес үшін энергияның қолжетімділігін, сондай-ақ экологиялық орнықтылықты қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.

Адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстанда энергетика секторының қажеттіліктеріне, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері, цифрландыру және автоматтандыру бағыттарына бағдарланған салалық кадр даярлау платформасы іске қосылуда.

Сонымен қатар энергетика саласына инвестиция тарту жөніндегі шаралар ұсынылды. Жел және күн энергетикасы саласындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ ашық аукциондар практикасы жалғасуда.

Іс-шара аясында Қазақстанның энергетикалық ауысу жөніндегі елдік инвестициялық платформасын іске қосу туралы жарияланды, ол энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және озық технологияларды енгізу үшін мемлекеттік және жеке инвестицияларды шоғырландыру құралына айналады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында Салалық технологиялық құзыреттер орталығын құруға ерекше назар аударылды. Орталық жобаларға талдамалық қолдау көрсетумен, цифрлық модельдеуді енгізумен және энергетикадағы технологиялық шешімдерді дамытумен айналысады.

Қатысушылар Орталық Азиядағы өңірлік өзара іс-қимылды нығайтудың, оның ішінде энергетикалық инфрақұрылымды дамытудың, энергетикалық қауіпсіздікті арттырудың және электр энергиясымен сауданы кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан орнықты энергетикалық болашаққа қол жеткізу үшін халықаралық серіктестермен, инвесторлармен және технологиялық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық екенін растады.

Дереккөз: ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1207216?lang=kz

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы