Солтүстік аймақ (Қарағанды облысы) бойынша қуаттылығы 50 МВт КЭС құрылысына аукционға тіркеу басталды
«KOREM» АҚ ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша КЭС құрылысына арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысуға тіркеудің 2026 жылғы 26 тамызда басталатынын хабарлайды.
Аукцион өткізілетін күні: 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 15:00;
Құжаттарды қабылдау кезеңі: 2026 жылғы 26 тамыздан 2026 жылғы 17 қыркүйекке дейін (қоса алғанда);
БЭЖ аймағы: Солтүстік аймақ (Қарағанды облысы);
ЖЭК түрі: КЭС;
Сатып алынатын белгіленген қуат көлемі: 50 МВт;
Шекті аукциондық баға мөлшері: 34,61 тг/кВт*сағ;
Пайдалануға беруге қажетті мерзім/шарттың қолданылу мерзімі: шарт жасалған күннен бастап 24 ай/20 жыл.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптар: аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін Ұйымдастырушының сауда жүйесінің дерекқорына тіркелу және №466 Қағидалардың 29-тармағына сәйкес тиісті құжаттарды электрондық түрде ұсыну қажет.
Сонымен қатар, өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімнің қаржылық қамтамасыз етілуі бойынша құжаттардың түпнұсқаларын есептік-қаржылық орталыққа («Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есептік-қаржылық орталық» ЖШС) аукциондық сауда-саттық басталатын күннен кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын ұсынуы қажет екенін хабарлаймыз.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша «KOREM» АҚ-қа koremadm@korem.kz электрондық поштасына сұрау салу арқылы немесе мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 982-965, 8 (7172) 982-967.