Қазақстанда гидроэлектрстанцияларын (ГЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті

Қазақстанда гидроэлектрстанцияларын (ГЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті

2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан БЭЖ-нің барлық аймақтары бойынша жалпы белгіленген қуаты 50 МВт болатын гидроэлектр станцияларын (ГЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 4 баға ұсынысын берді, берілген өтінімдердің жалпы көлемі 9,711 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып мыналар танылды:

  1. ТОО «Altay Hydro». Жобаның белгіленген қуаты – 2,711 МВт, аукциондық бағасы – 41,19 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  2. ТОО «Orbulaq Energy». Жобаның белгіленген қуаты – 3,6 МВт, аукциондық бағасы – 41,20 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  3. ТОО «Келесгидрострой». Жобаның белгіленген қуаты – 2 МВт, аукциондық бағасы – 41,21 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  4. ТОО «ЕВРОПА СОЛАР». Жобаның белгіленген қуаты – 1,4 МВт, аукциондық бағасы – 41,23 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттыққа бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ-ның өкілдері қатысты. Бақылаушылар операторы «KOREM» АҚ болып табылатын электрондық сауда жүйесінің жұмысы ашық әрі дұрыс жүргізілгенін растады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы