Қазақстан Республикасы Күнімен құттықтаймыз

Қазақстан Республикасы Күнімен құттықтаймыз

25 қазанда Қазақстанда ел егемендігін, халықтың бірлігін және еліміздің өркендеуге деген ұмтылысын білдіретін ұлттық мереке - Республика күні атап өтіледі.

Мереке қарсаңында «KOREM» АҚ басшылығы ұжымды Қазақстан Республикасы Күнімен құттықтап, қызметкерлерге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және Қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс сөздерін білдірді.

Салтанатты іс-шара аясында ерекше көзге түскен қызметкерлер еңбек жетістіктері, бастамашылдығы және өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы