«KOREM» АҚ электр қуаты бойынша орталықтандырылған сауда-саттықтар өткізілетінін хабарлайды
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ энергия өндіруші ұйымдарды 2026 жылғы 17 және 18 қарашада өтетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға шақырады.
2026 жылғы 17 қарашада сағат 10:00-ден «Солтүстік-Оңтүстік» электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
2026 жылғы 18 қарашада ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады:
- сағат 10:00-ден ҚР БЭЖ Батыс аймағы Маңғыстау Энергия торабына қарай электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, Маңғыстау облысы бойынша;
- сағат 16:00-ден Батыс Қазақстан Энерго торабына қарай электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша бірлескен сауда-саттық.
Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 8 (7172) 982-965, 982-942