Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы: ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша қортыныдылары

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы: ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша қортыныдылары

2026 жылғы 18 қарашада «KOREM» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша Л-2075 МЖЭС3–Бейнеу+Л-2085 МЖЭС3–Бейнеу транзиттік электр беру желілерінің өткізгіштік қабілетін ескере отырып, электрлік қуат бойынша орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.

Электрлік қуат бойынша орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «KOREM» АҚ-қа мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электрлік қуатқа болжамды сұраныс 220,9 МВт құрады;

- Маңғыстау энергия тораптарына қарай электр беру желілерінің өткізу қабілеті – 200 МВт.

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электрлік қуатқа болжамды сұраныс – 226,5 МВт;

- Батыс Қазақстан энергия тораптарына қарай электр беру желілерінің өткізу қабілеті – 180 МВт.

Электрлік қуатты дайын күйде ұстау қызметіне арналған шекті тариф – айына 1 355 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз).

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы электрлік қуат бойынша орталықтандырылған сауда-саттықтың қорытындыларына сәйкес сатылған қуаттың жиынтық көлемі 220,9 МВт болды, оның ішінде Маңғыстау облысынан – 26,9 МВт, ал ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан – 194 МВт.          

Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 4.

Орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша орташа өлшенген баға айына 1 300,4 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электрлік қуаттың орталықтандырылған сауда-саттық қорытындыларына сәйкес сатылған қуаттың жиынтық көлемі 226,5 МВт болды, оның ішінде Маңғыстау облысынан – 102,5 МВт, ал ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан – 124 МВт.

Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 4.

Орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша орташа өлшенген баға айына 1 352,3 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электрлік қуатқа болжамды сұраныс толық көлемде қанағаттандырылды.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

 Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы