Қазақстанда гидроэлектростанциялар (ГЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті

Қазақстанда гидроэлектростанциялар (ГЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті

2026 жылғы 25 қарашада Қазақстан БЭЖ-нің барлық аймақтары бойынша жалпы белгіленген қуаты 100 МВт болатын гидроэлектр станцияларын (ГЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 16 баға ұсынысын берді, берілген өтінімдердің жалпы көлемі 64 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып төмендегі қатысушылар танылды:

  1. «YNTALYZHAN» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты – 10,2 МВт, аукциондық бағасы – 39,99 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  2. «КазГидроКаскад» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты – 24,8 МВт, аукциондық бағасы – 40 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  3. «АМПЕРА» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты – 15 МВт, аукциондық бағасы – 40,55 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
  4. «Primus Capital Almaty» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты – 14 МВт, аукциондық бағасы – 41,09 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттыққа бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-нің, «EcoJer» Қазақстан өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ-ның және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ-ның өкілдері қатысты. Бақылаушылар операторы «KOREM» АҚ болып табылатын электрондық сауда жүйесінің жұмысы ашық әрі дұрыс жүргізілгенін растады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы