Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы департаментінің клиенттермен жұмыс секторының жетекші менеджері

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:

Біліктілік талаптары:

  • білімі: жоғары техникалық және/немесе экономикалық білім;
  • өтілі – электр энергетикасы саласында кемінде 1 жыл;
  • білуі тиіс: Қазақстан Республикасы энергия жүйесі туралы жалпы мәліметтер;
  • Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығын (бұдан әрі – ҚР ЭЭКН) ұйымдастыру қағидаттары;
  • теңгерімдеудің жалпы қағидаттары;
  • ҚР ЭЭКН-де баға белгілеудің жалпы қағидаттары.

Функционалдық міндеттері:

1. Қоғам контрагенттерінің дебиторлық берешегінің жай-күйін мониторингтеу бойынша бақылауды жүзеге асырады;

2. сектор мен департамент басшысының жалпы басшылығымен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда өз міндеттерін орындайды;

3. «1С: Кәсіпорын 8.3» бухгалтерлік есепті автоматтандыру бағдарламасында «Сатып алу» (теңгерімдеуші нарықтағы электр энергиясы) және «Сату» бөлігінде бақылауды жүзеге асырады;

4. Департаменттің хат-хабарын өңдеу және беру бойынша бақылауды жүзеге асырады;

5. Департаменттің клиенттермен жұмыс секторының жұмысын жоспарлайды, Қоғамның өндірістік қызметіне қатысты мәселелерді шешеді;

6. Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша есептік құжаттарды дайындайды;

7. өзара есеп айырысудың электрондық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге жәрдемдеседі;

8. жетекшілік ететін контрагенттер бойынша жасалған шарттарды және оларға қосымша келісімдерді сүйемелдеуге қатысады;

9. мынадай түрдегі шарттық жұмысқа қатысады:

- электр энергиясы теңгерімдеуші нарығының субъектілерімен теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс дисбалансты сатып алу-сату шарттары;

- уәкілетті орган бекіткен үлгі нысаны бойынша теңгерімдеуші нарықтың барлық субъектілерімен қосылу шарттары.

10. Кәсіпорындағы шарттық жұмыс екі циклде жүзеге асырылатын іс-шараларды жүргізуден тұрады:

- шарттар жасасу (дайындау, ресімдеу, контрагенттермен талаптарды келісу);

- шарттардың орындалуын ұйымдастыру (оперативтік іс-шаралар, есепке алу, бақылау, барысы мен нәтижелерін бағалау);

11. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның жұмыс топтарына қатысады;

12. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысады;

13. электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

14. Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қоғамның ресми интернет-ресурсында ақпарат жинауға, материалдарды дайындауға және орналастыруға қатысады;

15. Департамент шешетін міндеттердің сипатына байланысты Қоғам басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлімет;

6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

7) түйіндеме (резюме).

Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.

Құжаттарды 2023 жылғы 30 қазанға (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz

Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz

Бос лауазымға орналасу конкурсы «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олар «КОРЭМ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген, олармен осы жерден танысуға болады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы