Нарықтарды дамыту департаменті қызметтерді дамыту секторының жетекші менеджері
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілік талаптары:
- білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) мамандықтар бойынша: энергетика және/немесе экономика және/немесе құқықтану;
- жұмыс өтілі электр энергетикасы саласында кемінде 1 жыл;
- мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс:
- электр энергетикасы, жаңартылатын энергия көздерін қолдау, табиғи монополия саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін білу;
- биржалардың жұмыс істеу қағидаттарын білу: биржаның құрылымы; биржада сауда жасау тәсілдері; биржаларда жасалған мәмілелерді кепілдендіру мен орындаудың тәсілдері мен әдістері;
- электр энергетикасы саласындағы білім: Қазақстан Республикасы энергия жүйесі туралы жалпы мәліметтер; Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығын (бұдан әрі – ҚР ЭЭКН) ұйымдастыру қағидаттары; теңгерімдеудің жалпы қағидаттары; ҚР ЭЭКН-де баға белгілеудің жалпы қағидаттары;
- экономика негіздерін және мыналарды білуі тиіс: Қоғамның бейіні мен мамандануы; жоспарланатын кезеңге арналған Қоғам қызметінің жоспарлы көрсеткіштері туралы; Қоғамның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын әзірлеу мен бекіту тәртібі;
- шарттарды жасасу және орындау тәртібін білу: ҚР ЭЭКН субъектісіне электр энергиясының орталықтандырылған саудасына, электр қуатының орталықтандырылған саудасына және аукциондық саудаға қатысу үшін қойылатын өлшемшарттар мен талаптар; электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер үшін, сондай-ақ аукциондық сауданы өткізу қызметі үшін төлем жасау мерзімдері; электр энергиясының орталықтандырылған саудасына, электр қуатының орталықтандырылған саудасына қатысушылар мен аукциондық сауда өтінім берушілерінің ЭСТ-ке қол жеткізуін шектеу шарттары; ОСТ шарты, ОСТЭМ шарты, АСТҚ шарты, ЭКЖ шарты, ГМР шарты талаптарын бұзғаны үшін электр энергиясының орталықтандырылған саудасына, электр қуатының орталықтандырылған саудасына қатысушылар мен аукциондық саудаға өтінім берушілердің жауапкершілігі;
- есептеу техникасын, коммуникациялар мен байланыс құралдарын пайдалану тәртібін, шаруашылық жүргізу әдістерін білу;
- MS Office бағдарламаларын, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындауға арналған мамандандырылған бағдарламаларды қоса алғанда, есептеу жұмыстарын жүргізу әдістері мен құралдарын білу;
- еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу.
Функционалдық міндеттері:
1) қызметтерді дамыту секторының басшысы – бас менеджердің, Департамент директорының, жетекшілік ететін басқарушы директордың және Қоғам Басқармасы Төрағасының жалпы басшылығымен, Қоғамның құрылымдық және өзге де бөлімшелерінің басшыларымен өзара іс-қимылда өз міндеттерін орындайды;
2) Департаменттің қызметтерді дамыту секторының жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қоғамды дамыту жоспары мен стратегиясын әзірлеуге қатысады;
3) кеңсе шығыстары бюджетін жоспарлауға және Қоғамның мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыруға қатысады;
4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысады;
5) спот-сауда, форвард саудасы, қуат саудасы және аукциондық сауда өткізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады, сондай-ақ спот-сауда, форвард саудасы, қуат саудасы және аукциондық сауда бойынша Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын әзірлейді;
6) электрондық сауда жүйесінің (бұдан әрі – ЭСТ) функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысады, сондай-ақ Департамент құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен жаңа және жаңғыртылған бағдарламалық өнімдерді өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау кезінде тестілеуді жүзеге асырады;
7) ҚР ЭЭКН субъектілерінің сауда операторларына ЭСТ-те жұмыс істеу жөнінде, сондай-ақ спот-саудаға, форвард саудасына, қуат саудасына және аукциондық саудаға қатысу мәселелері бойынша оқыту мен консультация беруге қатысады;
8) Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен электр қуатының көтерме нарығының жұмыс істеуіне мониторинг жүргізуге қатысады;
9) электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған сауда көлемдері, ЖЭК, ЭКЖ, ГМР аукциондық саудасы бойынша жоспарлы көрсеткіштерді қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
10) электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттік органдардың жұмыс топтарына қатысады;
11) Қоғамның ресми интернет-ресурсында ақпарат жинауға, материалдарды дайындауға және орналастыруға қатысады:
- хабарландырулар;
- компания жаңалықтары;
- ҚР БЭЖ жұмысының жай-күйі және айдағы электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы туралы есеп;
- тоқсандағы электр энергиясы нарығының жұмыс жай-күйі мен электр энергиясының орталықтандырылған сауда нәтижелері туралы есеп;
- Қоғамның жылдық есебіндегі бөлімдер;
- электр қуатының орталықтандырылған сауда нәтижелері бойынша есеп;
- ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда нәтижелері туралы есеп;
- энергиямен жабдықтаушы және энергия өндіруші ұйымдардың тарифтері туралы ақпарат;
- форвард саудасын өткізу кестесі;
12) электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шартын электр энергиясының көтерме нарығының субъектілерімен (бұдан әрі – ЭЭКН субъектісі) және аукциондық сауда қатысушыларымен (бұдан әрі – Өтініш беруші) жасасуға дайындық жұмыстарын жүргізуге қатысады;
13) жетекшілік ететін контрагенттер бойынша жасалған шарттарды және оларға қосымша келісімдерді сүйемелдеуге қатысады;
14) Қоғам контрагенттерінің дебиторлық берешегінің жай-күйін мониторингтеу;
15) Департамент шешетін міндеттердің сипатына байланысты қызметтерді дамыту секторының басшысы – бас менеджердің, Департамент директорының және Қоғам басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлімет;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) түйіндеме (резюме).
Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.
Құжаттарды 2023 жылғы 21 тамызға (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz
Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz
Бос лауазымға орналасу конкурсы «Қазақстанның электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олар «КОРЭМ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген, олармен осы жерден танысуға болады.