Цифрлық қамтамасыз ету департаментінің 2 санатты инженер-бағдарламашысы
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілік талаптары:
2 санатты инженер-бағдарламашыға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
- білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) "ақпараттық технологиялар" мамандығы бойынша;
- жұмыс өтілі: тиісті салаларда кемінде 1 (бір) жыл
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен Департамент пен Қоғамның қызмет ерекшелігіне сәйкес келетін Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары туралы білімінің болуы.
2 санатты инженер-бағдарламашының лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:
-
Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындау;
-
өз міндеттерін Департамент директорының, куратор басқарушы директордың және Қоғам Басқармасы төрағасының жалпы басшылығымен және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып орындау;
-
жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және Қоғамның ішкі бизнес-процестерін үнемі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
-
жұмыста ЖИ-құралдарын пайдалану;
-
Қоғамның бағдарламалық өнімдері үшін пайдаланушы интерфейстерін (UI) жобалау;
-
UX-логикасын әзірлеу, прототиптеу;
-
Қоғамның бағдарламалық өнімдерінің құжаттамасын жүргізу;
-
Қоғамның бағдарламалық өнімдеріне жүйелік талдау жасау;
-
департамент құжаттамасын жүргізу;
- аналитикалық құжаттардың (презентациялар, есептер және т.б.) дизайнын әзірлеу.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) осы Ережелердің 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;
5) тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасамауы туралы мәлімет;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) түйіндеме.
Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.
Құжаттарды 2026 жылғы 2 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz
Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3 қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz
Бос лауазымға орналасуға арналған конкурс "ҚЭЭК" АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген "Қазақстандық электр энергиясы мен қуат нарығының операторы" акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олармен осы жерден танысуға болады.