Цифрлық қамтамасыз ету департаментінің 2-санатты инженер-бағдарламашысы
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілік талаптары:
2-санатты инженер-бағдарламашыға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
- білімі: тиісті мамандық бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім;
- жұмыс өтілі: бейінді салаларда кемінде 1 (бір) жыл
- Қоғам мен Департаменттің қызмет ерекшелігіне сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын білуі.
2-санатты инженер-бағдарламашының лауазымдық міндеттеріне мыналар жатады:
-
Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындау;
-
өз міндеттерін Департамент директорының, жетекшілік ететін басқарушы директордың және Қоғам Басқармасы төрағасының жалпы басшылығымен әрі Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда орындау;
-
жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және Қоғамның ішкі бизнес-процестерін үнемі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
-
жұмыста ЖИ-құралдарын пайдалану;
-
Қоғамның бағдарламалық өнімдері үшін пайдаланушы интерфейстерін (UI) жобалау;
-
UX-логикасын әзірлеу, прототиптеу;
-
Қоғамның бағдарламалық өнімдерінің құжаттамасын жүргізу;
-
Қоғамның бағдарламалық өнімдеріне жүйелік талдау жасау;
-
департаменттің құжаттамасын жүргізу;
- аналитикалық құжаттардың (презентациялар, есептер және т.б.) дизайнын әзірлеу.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған сауалнама;
5) тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасамауы туралы мәлімет;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) түйіндеме.
Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттар ұсынылуы мүмкін.
Құжаттарды 2026 жылғы 8 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz
Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz
Бос лауазымды атқаруға арналған конкурс «ҚЭЖКО» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген «Қазақстандық электр энергиясы және қуат нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олармен осы жерден танысуға болады.