Сауда-саттық және аукциондар департаментінің оператор-менеджері

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:

Біліктілік талаптары:

Менеджер операторға қойылатын біліктілік талаптары:

  • білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық немесе экономикалық;
  • жұмыс өтілі: тиісті салаларда кемінде 1 (бір) жыл
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Департамент пен Қоғамның қызметі ерекшелігіне сәйкес келетін Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын білуі.

Менеджер оператордың лауазымдық міндеттеріне мыналар жатады:

  • өз міндеттерін бас менеджердің, Департамент директорының, жетекшілік ететін басқарушы директордың және Қоғам Басқармасы Төрағасының жалпы басшылығымен және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып орындау;
  • Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындау;
  • электр энергиясы мен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу;
  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты мәселелер бойынша жүйелік оператормен және электр энергиясының бірыңғай сатып алушысымен өзара іс-қимыл жасау;
  • жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды таңдау бойынша, генерациялаудың маневрлік режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салу бойынша аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттық) өткізу;
  • ҚР ЭЭНО субъектілерінің сауда-саттыққа қатысушыларының операторларына электрондық сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша консультация беру;
  • маркетингтік қызмет және электр энергиясы нарығын зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін талдау;
  • кәсіпорында келесі түрлер бойынша шарттық жұмысты жүргізу:
  • Қоғам мен Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі (бұдан әрі – ЭЭНО субъектісі) арасындағы электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарты (бұдан әрі – ОСН шарты);
  • Бірыңғай сатып алушымен ОСН шарты.
  • Кәсіпорындағы шарттық жұмыс дегеніміз – әдетте екі циклде жүргізілетін іс-шаралар:

- ОСН шарттарын жасасу (дайындау, ресімдеу, тарапаттармен талаптарын келісу);

- ОСН шарттарының орындалуын ұйымдастыру (жедел іс-шаралар, есепке алу, бақылау, барысы мен нәтижелерін бағалау).

  • ұсынылған нақты баланс бойынша есептеулерді, деректерді өңдеу мен талдауды жүзеге асыру және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету бойынша Қоғам көрсеткен қызметтер (бұдан әрі – СЖДҮ) үшін бірыңғай тізілім қалыптастыру;
  • ЭЭНО субъектілерінің берешегі бойынша мониторинг жүргізу;
  • Қоғамның ЭЭНО субъектілеріне берешекті өтеу қажеттігі туралы хабарлама хаттарын дайындау және жіберу;
  • Қоғамның төлем жасамайтындары бойынша құжаттарды кейіннен Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне беру үшін дайындау;
  • электр энергиясы мен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының жұмыс істеу қорытындылары бойынша тиісті есептер дайындау;
  • Департамент шешетін міндеттердің сипатына байланысты бас менеджердің, директордың және Қоғам басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама;

5) тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамауы туралы мәлімет;

6) сотталмағаны туралы анықтама;

7) түйіндеме.

Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де құжаттар ұсынылуы мүмкін.

Құжаттарды 2026 жылғы 8 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz

Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz

Бос лауазымды атқаруға конкурс «КОРЭМ» АҮ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген «Электр энергиясы және қуат нарығының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізілетін болады, олармен осы жерден танысуға болады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы