Нарықтарды дамыту департаментінің нарықтық коммуникациялар жөніндегі менеджері
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілік талаптары:
Нарықтық коммуникациялар жөніндегі менеджерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
- білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- жұмыс өтілі: кемінде 1 (бір) жыл;
- ақпаратты жинау, өңдеу және талдау дағдыларының болуы, компьютерлік бағдарламаларды сенімді меңгеруі, сауатты ауызша және жазбаша сөйлеуі;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен Қоғамның Департамент пен Қоғам қызметінің ерекшелігіне сәйкес келетін ішкі нормативтік құжаттары туралы білімінің болуы
Нарықтық коммуникациялар жөніндегі менеджердің лауазымдық талаптарына мыналар кіреді:
- өз міндеттерін Департамент директорының, бағыттас басқарушы директордың және Қоғам Басқармасы Төрағасының жалпы басшылығымен және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда жүзеге асырады;
- Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын орындайды;
- Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қоғамды дамыту жоспары мен стратегиясын әзірлеуге қатысады;
- нормативтік құқықтық актілер мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлейді және әзірлеуге қатысады;
- электр энергиясы мен қуатының көтерме нарығының қатысушыларымен, мемлекеттік органдармен, жүйелік оператормен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады және үйлестіреді;
- нарық қатысушыларының өтініштерін, сұрауларын және ұсыныстарын өңдейді, ресми жауаптар дайындайды;
- нарық қатысушыларымен коммуникацияларды жетілдіруге және өзара іс-қимыл процестерін цифрландыруға бағытталған жобаларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;
- нарық қатысушыларымен өтініштер мен коммуникациялар базасын жүргізеді, аналитикалық және статистикалық есептілік дайындайды;
- электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі бөлігінде Қоғамның қызметі туралы ақпараттық хабарламаларды, жаңалықтар мен жарияланымдарды дайындауға қатысады;
- Департаменттің жылдық жұмыс жоспарымен бекітілген іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
- жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және Қоғамның ішкі бизнес-процестерін үнемі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де функцияларды орындайды.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған сауалнама;
5) тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасамағаны туралы мәлімет;
6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
7) түйіндеме.
Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.
Құжаттарды 2026 жылғы 2 қарашаға дейін (қоса алғанда) мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz
Қоғаттың деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz
Бос лауазымға орналасу конкурсы «ҚЕРЕО» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген «Электр энергиясы мен қуатының қазақстандық нарығының операторы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олармен осы жерден танысуға болады.