Сауда-саттық және аукциондар департаментінің менеджер-операторы
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:
Біліктілік талаптары:
Менеджер-операторға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
- білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары туралы, Департамент пен Қоғам қызметінің ерекшелігіне сәйкес, білімінің болуы.
Менеджер-оператордың лауазымдық талаптарына мыналар кіреді:
- электр энергиясы мен электр қуатын орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастырады және өткізеді;
- электр энергиясы мен электр қуатын орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізуге байланысты мәселелер бойынша жүйелік оператормен және электр энергиясының бірыңғай сатып алушысымен өзара іс-қимыл жасайды;
- жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бойынша, иілгіш генерация режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізеді (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттық);
- сауда-саттыққа қатысушылардың операторларына – ҚР ЭЭОР субъектілеріне – электрондық сауда жүйесінде жұмыс істеу мәселелері бойынша кеңес береді;
- маркетингтік қызмет пен электр энергиясы нарығын зерттеу бойынша іс-шаралар өткізеді;
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлеуге қатысады;
- электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін талдайды;
- мынадай түрлер бойынша шарттық жұмысты (дайындау, ресімдеу, контрагенттермен шарттарды келісу, жасасу, орындалуын ұйымдастыру, есепке алу, бақылау және орындалу барысы мен нәтижелерін бағалау) жүргізеді:
- Қоғам мен Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығы субъектісі (бұдан әрі – ЭЭОР субъектісі) арасындағы электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығында қатысу шарты (бұдан әрі – ОСС шарты);
- Бірыңғай сатып алушымен ОСС шарты;
- ұсынылған нақты баланс негізінде есептеулер жүргізеді, деректерді өңдейді және талдайды, Қоғамның электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету бойынша көрсеткен қызметтері үшін (бұдан әрі – САЖД) бірыңғай тізілім қалыптастырады;
- ЭЭОР субъектілерінің берешегін мониторингтеуді жүзеге асырады;
- ЭЭОР субъектілеріне Қоғам алдындағы берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарлама хаттар дайындайды және жібереді;
- Қоғамның қарызгерлері бойынша құжаттарды Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне әрі қарай беру үшін дайындайды;
- электр энергиясы мен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының жұмыс істеу қорытындылары бойынша тиісті есептерді дайындайды;
- Департаменттің міндеттерінен туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған сауалнама;
5) тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасамағаны туралы мәлімет;
6) сотталмағаны туралы анықтама;
7) түйіндеме.
Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.
Еңбек шарты уақытша болмаған негізгі қызметкердің орнын ауыстыру уақытына жасалады.
Құжаттарды 2026 жылғы 10 қарашаға (қоса алғанда) дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz
Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3 қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz
Бос лауазымды атқаруға конкурс «ҚЭЕО» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген «Қазақстандық электр энергиясы мен қуатының нарығын есептеу жөніндегі оператор» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс өткізудің қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олармен осы жерден танысуға болады.