Қызметті қамтамасыз ету жөніндегі департаментінің Қызметті қамтамасыз ету қызметінің жүргізушісі

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:

Біліктілік талаптары:

Жүргізушіге қойылатын біліктілік талаптары мынадай:

  • орта білімнен төмен емес білім;
  • автомобиль басқару өтілі кемінде 3 (үш) жыл;
  • Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын, Жол жүрісі қағидаларын және көлік құралдарын пайдалануды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.

Жүргізушінің лауазымдық талаптарына мыналар кіреді:

  • автомобильді басқаруды жүзеге асырады, жұмыс орнына уақтылы келуді және автомобильді ұйымның кіреберісіне беруді, сондай-ақ жұмыс ауысымынан кейін оны тұраққа қоюды қамтамасыз етеді;
  • автомобильге отынды уақтылы құюды, майды және өзге де пайдалану сұйықтықтарын толтыруды қамтамасыз етеді;
  • жол жүрісі қағидаларын, жол белгілерінің талаптарын сақтайды, сондай-ақ жол жүрісі саласындағы заңнамадағы өзгерістерді қадағалайды;
  • автомобиль қозғалысы кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
  • автомобильде тұрған мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • автомобильдің сақталуы мен бүтіндігін қамтамасыз етеді, оның ішінде оны тұраққа қою және тұрып қалу кезінде қорғау шараларын қабылдайды;
  • автомобильдің техникалық жай-күйін күнделікті қарап-тексеруді жүзеге асырады және анықталған ақауларды мамандандырылған автосервистерді тарта отырып, уақтылы жоюды қамтамасыз етеді;
  • автомобильді таза және тиісті жағдайда ұстауды, оның ішінде оны тұрақты жууды қамтамасыз етеді;
  • алыс сапарларға автомобильді алдын ала дайындауды жүзеге асырады, жол жағдайын ескере отырып, қозғалыстың оңтайлы бағыттарын анықтайды;
  • жұмыс қабілетіне, зейін шоғырлануына, қозғалыс үйлестіруіне және жүргізушінің реакциясына әсер етуі мүмкін дәрілік препараттар мен өзге де заттарды қабылдауға жол бермейді;
  • маршруттық және жол парақтарын жүргізеді, жүрілген жол, отын және пайдалану сұйықтықтарының шығыны, маршруттар мен межелі пункттер туралы мәліметтерді енгізеді, есептілік үшін құжаттарды уақтылы ұсынады;
  • тікелей басшының, қадағалаушы басшының және Қоғам Басқармасы Төрағасының өкімдері мен тапсырмаларын орындайды, өзіне сеніп тапсырылған автомобильге ұқыпты қарауды қамтамасыз етеді;
  • өз құзыреті шегінде Қоғамның шаруашылық және ұйымдастырушылық тапсырмаларын орындауға жәрдемдеседі.

 Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған сауалнама;

5) тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасамағаны туралы мәлімет;

6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

7) түйіндеме (резюме).

Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де құжаттарды ұсынуға болады.

Құжаттарды 2026 жылғы 24 қарашаға дейін (қоса алғанда) мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz

Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3 қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz

Бос лауазымды атқаруға конкурс "ҚЭК ОЭБК" АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген "Қазақстандық электр энергиясы мен қуат нарығының операторы" акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізудің қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, олармен осы жерден танысуға болады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы