Цифрлық қамтамасыз ету департаментінің 2 санатты инженер-бағдарламашысы

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:

Біліктілік талаптары:

2 санатты инженер-бағдарламашыға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

  • білімі: ақпараттық технологиялар саласында жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе техникалық және кәсіптік білім;
  • жұмыс өтілі: бейінді салаларда кемінде 1 (бір) жыл;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен Қоғамның Департамент пен Қоғамның қызмет ерекшелігіне сәйкес келетін ішкі нормативтік құжаттары бойынша білімнің болуы.

2 санатты инженер-бағдарламашының лауазымдық міндеттеріне мыналар кіреді:

  • жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және Қоғамның ішкі бизнес-процестерін үнемі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • бизнес-процестерді оңтайландырудың озық әдістерін қолдана отырып, заманауи технологиялық шешімдер негізінде техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғыртады;
  • Қоғамның корпоративтік желісін пайдалануды және дамытуды ұйымдастырады;
  • телекоммуникация желілерінің жұмысқа қабілеттілігін ұйымдастырады;
  • сервер жабдығының істен шыққан бөлшектерін алдын алу, жөндеу немесе ауыстыруды, баптау және пайдалануға беруді жүргізеді;
  • клиенттік жұмыс станциялары мен перифериялық жабдықтың істен шыққан бөлшектерін алдын алу, жөндеу немесе ауыстыруды, баптау және пайдалануға беруді жүргізеді;
  • Қоғамның серверлері мен клиенттік жұмыс станцияларында жүйелік, қолданбалы және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды/қайта орнатуды/баптауды жүзеге асырады;
  • сервер мен перифериялық жабдықтың кепілдік және кепілдіктен кейінгі кезеңдердегі жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруді ұйымдастыру мәселелері бойынша сервистік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша коммерциялық ұсыныстар жинайды;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін техникалық ерекшеліктер әзірлейді;
  • Қоғам қызметкерлеріне компьютерлермен, перифериялық жабдықпен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу бөлігінде кеңес береді;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық қорларды түгендеуді жүргізеді;
  • Қоғамның серверлері мен клиенттік жұмыс станцияларында орнатылған жүйелік, қолданбалы және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуге мониторинг жүргізеді;
  • бағдарламаларды тестілеуге дайындау бойынша жұмыс орындайды және олардың тестілеуін жүргізеді;
  • шығыс деректерді талдау негізінде әзірленген бағдарламаларды түзетеді;
  • енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарға сүйемелдеу жасайды;
  • компьютерлер мен жекелеген құрылғылардың дұрыс техникалық пайдаланылуын, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;
  • электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы (бұдан әрі – ЭТН) бойынша бағдарламалық қосымшаға қосымша функционалды қолдайды және қосады;
  • ЭТН бойынша бағдарламалық қосымша арқылы ЭТН теңгерімсіздіктерінің көлемдерін, бағалары мен құнының дұрыстығын есептейді және тексереді;
  • Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы жүйесі (бұдан әрі – ЭТН ЕО Жүйесі) үшін айлық қорытынды кірістер мен шығыстарды құрастырады;
  • алдағы есептік кезеңнің ЭТН бағаларын есептеу үшін қажетті ЭТН ЕО Жүйесінің айлық операциялық шығындарын есептейді;
  • машиналық оқытудың жаңа алгоритмдері мен әдістерін зерттейді;
  • жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) модельдерін оқытуға және білім базасын толтыруға арналған деректерді жинауды және алдын ала өңдеуді жүзеге асырады;
  • ЖИ-шешімдерін әртүрлі бизнес-процестер мен қолданбаларға енгізеді;
  • пайдаланушылардың ЖИ-жүйелерімен өзара әрекеттесуі үшін интерфейстер жасайды;
  • қызметкерлерді ЖИ-технологияларымен жұмыс істеу қағидаттарына үйретеді;
  • электрондық сауда жүйесінің жұмысын тестілейді, жаңғыртады және сүйемелдейді;
  • ЭТН ЕО Жүйесінің жұмысын тестілейді, жаңғыртады және сүйемелдейді;
  • аналитикалық құжаттардың (презентациялар, есептер және т.б.) дизайнын әзірлейді;
  • ЭСТ құжаттамасын жүргізеді;
  • ЭСТ жүйелік талдауын жүзеге асырады;
  • Қоғамның ЖИ-көмекшісін әзірлейді және оған сүйемелдеу жасайды.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес толтырылған анкета;

5) тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасамағаны туралы мәлімет;

6) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

7) түйіндеме.

Кандидаттың қалауы бойынша конкурстық комиссияға кандидаттың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды ұсынуға болады.

Құжаттарды 2026 жылғы 30 қарашаға дейін (қоса алғанда) мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: shakir@korem.kz / koremadm@korem.kz

Қоғамның деректемелері мен орналасқан жері: Астана қ., Сарайшық көшесі, 34А, 3-қабат. Тел.: +7 7172 98-29-58, 98-29-61. Электрондық мекенжайы: koremadm@korem.kz

Бос лауазымға орналасу бойынша конкурс «ҚЭРО» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы №02-02/15 шешімімен бекітілген «Қазақстандық электр энергиясы мен қуатының нарығын реттеуші оператор» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес өткізіледі, онымен осы жерден танысуға болады.

Келесі Тізімге қайту Алдыңғы