Теңгерімсіздіктерді және олардың құнын есептеу
Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы (ТН ЕАО) Жүйелік оператор ұсынатын бастапқы деректер негізінде және Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін, теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерінің сағаттық теңгерімсіздіктерін және олардың құнын есептеуді жүзеге асырады.
Есептеулерді жүргізу және өзара есеп айырысулар процесі келесі кезеңдерді қамтиды.
Есептеулерге қатысты барлық операциялар сатып алу айынан кейін жүргізіледі.
Бастапқы деректерді қалыптастыру.
• Жүйелік оператор есептік айдың қорытындысы бойынша теңгерімдеуші электр энергиясы мен теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерінің теңгерімсіздіктерінің сағаттық көлемдерін есептеу үшін ТН ЕАО-ға бастапқы деректерді қалыптастырып ұсынады. Бастапқы деректер өткен есептік кезеңнің әрбір сағаты бойынша ақпаратты қамтиды. (сілтеме)
• ТН ЕАО өткен есептік кезеңнің әрбір сағаты бойынша теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру мен тұтынудың жоспарлы және нақты мәндерін өзінің ресми ақпараттық интернет-ресурсында жариялайды. (сілтеме)
• Жүйелік оператор есептік кезең бойынша Қазақстан Республикасының көтерме электр энергиясы нарығындағы электр энергиясын өндіру және тұтынудың нақты теңгерімін бекітеді.
Теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісі жеткізілім жасалған айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін ТН ЕАО-ның атына бір жолмен электрондық шот-фактураны ресімдейді.
Теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және теңгерімсіздіктер құнын есептеу процесі.
ТН ЕАО Жүйелік оператордан алынған бастапқы деректер негізінде:
• теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және теріс теңгерімсіздіктердің сағаттық көлемдерін есептейді;
• теңгерімдеуші электр энергиясының және теріс теңгерімсіздіктердің құнын айқындайды;
• есептеу нәтижелерін қалыптастырады.
Есептеу нәтижелері ТН ЕАО-ның ресми ақпараттық интернет-ресурсында орналастырылады. (сілтеме)
Есептеу нәтижелерінде дәлсіздіктер анықталған жағдайда, теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісі есептеу нәтижелері жарияланған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Жүйелік оператор мен ТН ЕАО-ның атына негізделген өтініш жолдауға құқылы.
Өзара есепке алу тізілімін қалыптастыру.
Есептеулер нәтижелері бойынша ескертулер болмаған жағдайда, ТН ЕАО теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерінің өзара есепке алу тізілімін қалыптастырады.
• ресми ақпараттық интернет-ресурста жарияланған теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдері мен теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерінің сағаттық теңгерімсіздіктері бойынша есептеулердің соңғы редакциясы негізінде өткен есептік ай үшін субъектілердің берешек сальдосын айқындайды;
• айқындалған берешек сальдосы негізінде ақшалай міндеттемелер бойынша кейінгі өзара есеп айырысуларды жүргізу мақсатында теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілері арасында жұптарды қалыптастырады және өзара есепке алу тізілімін жасайды;
• өзара есепке алу тізілімін бекітеді және оны ТН ЕАО-ның ресми ақпараттық интернет-ресурсында орналастырады (сілтеме);
Теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерінің өзара есепке алу тізіліміне шағым жасауға жол берілмейді және ол теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектісі тарапынан қандай да бір ескертулерсіз немесе қарсылықтарсыз қабылданады.
Электрондық шот-фактураларды ресімдеу және бастапқы бухгалтерлік құжаттармен алмасу.
Өзара есепке алу тізілімі бекітілгеннен кейін ТН ЕАО теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерімен бастапқы бухгалтерлік құжаттармен және электрондық шот-фактуралармен алмасу рәсімін жүзеге асыруға кіріседі.