"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-3бабы 5-тармағының негізінде орталықтандырылған сауда нарығының операторы (бұдан әрі-Оператор) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты жыл сайын ұйымдастырады және өткізеді.

Оператор бірыңғай сатып алушыға және нарық субъектілеріне шарттық негізде электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызмет көрсетеді.

Электр энергетикасы саласындағы заңнамада көзделген мерзімдерде электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізуді қамтамасыз ету және электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға рұқсат алу мақсатында Оператор энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу шарттарын жасасуды бастайды.

Сізден электр қуаты нарығында орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөнінде шарт жасасуды және оператордың қызметіне ақы төлеуді қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.

Шарт жасасу мақсатында Сізге:

1. Сауда-саттық жүйесінің деректер базасында сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу, ол үшін Оператордың сауда жүйесінің ресми интернет-ресурсына сілтеме бойынша онлайн тіркеуден өту үшін кіру қажет https://power.korem.kz;

2. Сауда жүйесінде тіркелген кезде заңды тұлғаның атауын, нақты және заңды мекенжайын, сауда-саттыққа қатысушының инициалдарын, сауда-саттыққа қатысушының электрондық мекенжайын көрсету, сауда-саттыққа қатысушының жеке кабинетіне кіру үшін пароль қалыптастыру қажет;

3. Сауда жүйесіне кіру үшін идентификатор болып табылатын сауда-саттыққа қатысушының электрондық мекенжайы және қалыптастырылған пароль арқылы жеке кабинетке кіргеннен кейін мынадай құжаттарды жүктеу:

  • Жарғының көшірмесі;
  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
  • бірінші басшыны тағайындау туралы заңды тұлғаның тиісті органының шешімінің көшірмесі;
  • өкілге сенімхат (егер мүдделерді ұсынуды бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);
  • заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат (Банк деректемелері, байланыс телефондары, заңды тұлғаның электрондық мекенжайы).

Оператор жүктелген құжаттардың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін Сіздің электрондық мекенжайыңызға қол қою үшін шарттың жобасын және төлем шотын жібереді.

Сіздің компанияңыз электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға оператормен орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу шартын жасасқан және электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке уақтылы ақы төлеген жағдайда ғана жіберілетініне назар аударамыз.

Шарт жасасу бойынша ақпаратты мына телефон нөмірі бойынша алуға болады: (7172) 982-945.

Орталықтандырылған сауда-саттықты тіркеу және өткізу тәртібі бойынша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: (7172) 982-941, 982-942.