Маневрлік генерация режимімен жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 26 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында маневрлік генерацияны дамытуға бағытталған жаңа реттеуші электр қуаттарын іске қосу жөніндегі іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін аукциондық әдіс негізінде электрондық сауда жүйесінде аукциондық сауда-саттық операторымен ұйымдастырылатын және өткізілетін аукциондық сауда-саттық тетігі енгізілді. Аталған тетіктің негізгі міндеті – маневрлік генерация режимімен жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі неғұрлым тиімді жобаларды іріктеу, сондай-ақ жеңімпаз атанған әрбір жоба үшін электр қуатының әзірлігін қолдау қызметіне жеке тарифті айқындау болып табылады.

Аукциондық тетікті енгізу жаңа генерация объектілерін салуға арналған перспективалы алаңдарды айқындауға және отандық әрі шетелдік инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.

Маневрлік генерациялайтын қуаттарды салу елдің энергетикалық жүйесі үшін стратегиялық маңызға ие. Мұндай объектілер электр энергиясын тұтыну көлемінің өзгеруіне қарай электр энергиясын өндіруді жедел реттеуді қамтамасыз етеді, энергетикалық жүйенің сенімділігі мен тұрақтылығын арттырады, халық пен өнеркәсіп кәсіпорындарын үздіксіз электрмен жабдықтауға ықпал етеді.

Сонымен қатар, маневрлік генерация объектілерін салу жөніндегі жобаларды іске асыру инвестициялар тартуға, заманауи технологияларды енгізуге, энергетика саласын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Ұзақ мерзімді перспективада бұл энергия тиімділігін арттырады, мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізін қалыптастырады.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қызметтері

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықтың ұйымдастырушысы ретінде маневрлік генерация режимімен жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қызметін көрсетеді. Аталған қызметке мыналар кіреді:

  • маневрлік генерация режимімен жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу;
  • маневрлік генерация режимімен жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу;
  • маневрлік генерация режимімен жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың сауда операторларына сауда жүйесімен жұмыс істеу тәртібі бойынша нұсқама өткізу;
  • маневрлік генерация режимімен жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін сауда жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

«KOREM» АҚ-ның аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қызметінің құны 2 200 000 (екі миллион екі жүз мың) теңгені (ҚҚС есепке алынбай) құрайды және оны аукциондық сауда-саттықтың әрбір қатысушысы төлейді.