Қалдықтарды энергетикалық утилизациялау (ҚЭУ, Waste-to-Energy) — қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жоғары температурада жағу арқылы жылу және электр энергиясына айналдыру, содан кейін бөлінген энергияны пайдалану процесі.

ҚЭУ мыналардың элементі болып табылады:

  • қалдықтарды басқару жүйесінің;
  • экологиялық саясаттың;
  • энергетика секторын жаңғыртудың;
  • полигондарға түсетін жүктемені азайту және санитариялық жағдайды жақсартудың.

2020 жылы Қазақстанда қалдықтарды энергетикалық утилизациялауды ынталандыру шараларын көздейтін алғашқы заңнамалық бастамалар қабылданды. Өзгерістер Қазақстан Республикасының экология және энергетика саласындағы заңнама нормаларына қатысты болды, олар қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) энергияға қайта өңдеу арқылы Waste-to-Energy жобасын іске асыру мүмкіндігін көздейді. Әлемде қолданылып жүрген оларды жағу технологиялары қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылады.

Қалдықтарды энергетикалық утилизациялау (ҚЭУ) бойынша жаңа сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру және қалдықтармен жұмыс істеудің тұтас инфрақұрылымын құру мақсатында жаңартылатын энергия көздері саласында қолданылатын ұқсас тетікті пайдалану көзделген. Қалдықтарды энергетикалық утилизациялау (ҚЭУ) жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық тетігін қолдану бәсекелестік алаң құруға, бағаларды төмендетуге және ең тиімді жобаларды іріктеп алуға мүмкіндік береді.