Оқыту
Сіздің компанияңыз аукциондық сауда-саттыққа қатысу туралы шешім қабылдады. Сауда жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуімен тиімді жұмыс істеу үшін оқудан өту қажет.
Оқытуды аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы жүргізеді.
Оқудан өту үшін:
1. ГМР бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қызметтерін көрсету туралы ұйымдастырушымен шарт жасасып, көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу.
2. Оқудан өту үшін өзіңізге қолайлы күн мен уақытты таңдау.
3. Оқуға жіберілетін қызметкер алдын ала келесі құжаттармен танысуы тиіс:
- Аукциондық сауда-саттықты өткізу қағидалары;
- Аукциондық сауда-саттықты өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық.
Оқыту күндізгі форматта (ұйымдастырушының кеңсесінде) немесе қашықтан (Zoom платформасын пайдалану арқылы) өткізілуі мүмкін. Оқыту аукциондық сауда-саттықтың демо-нұсқасында жүргізіледі.
Назарларыңызға ұсынамыз: ұйымдастырушы аукциондық сауда-саттық басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын күндізгі оқытуды өткізуді тоқтатады.
Егер Сізде қосымша сұрақтар туындаса, бізге auction@korem.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз немесе қызметкерлерімізге хабарласыңыз:
Телефондар: +7 (7172) 982-965, 982-967 (қазақ және орыс тілдерінде).